KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ акцияларының 100 пайызын алып-сату жөніндегі келісім-шартқа қол қойды

 25.09.2012    318
«ҚазТрансОйл» АҚ мен «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ акцияларының 100 пайызын алып-сату жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ акциялар пакеті 11 647 889 000 теңгеге сатылды. Мәміле үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегінде аяқталды. «ҚазТрансОйл» АҚ негізгі қызмет түрлері медициналық қызмет көрсету, қайта даярлау мен біліктілікті арттыру, дене шынықтыру мен спорт, шипажай, сервистік және өкілеттік қызметтер, туристік қызмет салаларындағы қызмет көрсету болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғам акцияларының 100 пайызын меншік құқығы негізінде иемденді. «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ қызметінің бейінді еместігін ескере отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бірден-бір акционері болып табылатын «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқармасымен «ҚазТрансОйл» АҚ бейінсіз активтерін қайта қарау Жоспары бекітілді. Осыған байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС-мен мәміле жасауға шешім қабылдады, яғни оны жасауға мүдделі - «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ ақцияларын алып-сату. «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ акцияларының 100 пайызын шеттету «ҚазТрансОйл» АҚ-тың экономикалық тиімділігін арттыруға, бейінсіз активтерді шығарудың арқасында активтердің қолайлы құрылымын құрастыруға мүмкіндік береді. «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистральды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақтан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. Компания елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС сервистік қызмет көрсету саласында мамандандырылған, соның ішінде: әкімшілік ғимараттарды кешенді қарау, жеке және заңды тұлғаларға көліктік-экспедиторлық қызметтерді көрсету, демалыс пен шынықтыру-шипажайлық, спорттық шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерін көрсету. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер