KZTO 839,96 (+0,37%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,96 (+0,37%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Қазақстан Республикасы азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде 38 463 559 дана көлемінде ұсынылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акцияларына жазылу күндері

 06.11.2012    404
Қазақстан Республикасы азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде 38 463 559 дана көлемінде ұсынылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акцияларына жазылу күндері туралы 2012 жылдың 06 қарашасында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына орналастыратын қарапайым акцияларын сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларынан өтініштерді қабылдау басталды. 2012 жылдың 06 қарашасынан бастап 05 желтоқсанына дейінгі аралықта акцияларға жазылу жүргізіледі. Акцияларға жазылудың басталуы: 2012 жылдың 06 қарашасы, Астана уақыты бойынша сағат 10:00. Акцияларға жазылудың аяқталуы: 2012 жылдың 05 желтоқсаны, Астана уақыты бойынша сағат 17:00 Есеп айырысуды жүргізу күні: 2012 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 14 желтоқсанына дейін. Акцияларға жазылудың негізгі шарттары: 1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорлар ғана акцияларға жазыла алады. 2. Акцияларды сатып алу жөніндегі жеке тұлғалардың берген өтініштеріне шектеу қойылмайды. Алайда бұл өтініштер Инвестициялық меморандумда бекітілген Акцияларды үлестіру тәртібіндегі өтініштерді қанағаттандыруға қойылған шектеулерді есепке ала отырып қанағаттандырылатын болады. 3. Акцияларға жазылуға қатыса алатын жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтері есебінен ғана өтініштерді беруге құқылы. 4. Акцияларға жазылуға болатын уақыт ішінде қатысушылар өздерінің берген өтініштерін қайтарып алуға (күшін жоюға) және түзетуге құқылы. Акцияларға жазылу уақыты аяқталған соң берілген өтінішті қайтарып алуға немесе оны түзетуге болмайды. 5. Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің №61 ережелеріне сәйкес өздерінің клиенттері атынан өтініш беретін брокерлік компаниялар мәміле жасау үшін шоттарында активтердің болуына жауапты. 6. Өтініштер Инвестициялық меморандумда көрсетілген Акцияларды үлестіру тәртібіне сәйкес қанағаттандырылады. 7. Акцияларға жазылушы тұлға акцияларды сатып алу жөнінде тек бір өтінішті беруге құқылы. Қайталанатын өтініштер, сондай-ақ, бір тұлғаның әртүрлі брокерлік шоттардан берген өтініштері акцияларды үлестіру кезінде бір өтінішке біріктірілетін болады. Акцияларды үлестіру тәртібі туралы толық ақпаратпен Инвестициялық меморандум арқылы таныса аласыз немесе өзіңіздің брокеріңізден сұрап білуіңізге болады. Акцияларға жазылу рәсімі «Акцияларға жазылу ережелеріне» сәйкес өткізіледі. Бұл ереже «Қазақстан Қор биржасының» Биржалық кеңесінің шешімімен (2012 жылдың 29 наурызындағы №05 хаттама) бекітіліп, «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» АҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен келісілген. Акцияларға жазылу туралы сауалдарыңызға бойынша таңдаған брокеріңізбен кеңескеніңіз дұрыс. «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу туралы ақпаратты 8 800 080 5070 жедел желі телефоны арқылы білуге болады (ҚР бойынша қоңырау шалу тегін). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазанындағы № 1376 қаулысына сәйкес қарапайым акцияның бір данасының құны 725 теңге, ал жазылу рәсімін өткізу арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына орналастырылатын акциялар саны 38463559 дана құрайды деп белгіленді. «ҚазТрансОйл» АҚ туралы толық ақпарат Инвестициялық меморандумда берілген. Осы меморандум «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-ның www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kztof7_2012.pdf мекен-жайындағы ресми сайтында, сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның http://www.kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/informaciia_dlia_akcionera_i_investora/svedeniia_o_cennih_bumagah/ мекен-жайындағы ресми веб-сайтында орналастырылған. Акцияларға жазылу уақытында «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы акцияларды сатып алғысы келетін инвесторлармен Қазақстан Республикасының аймақтарында кездесу топтамасын өткізеді. «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының акцияларды сатып алғысы келетін инвесторлармен кездесу өткізу күндері туралы қосымша хабарланатын болады. ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумақтарында тікелей немесе жанама түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі, 2012 жылдың 06 қарашасы, Астана қ. Тел.: +7 (7172) 555 135
Реакция:
Серiктестер