KZTO 836,90 (-0,25%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,90 (-0,25%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына ұсынылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын орналастыруға бай

 06.11.2012    208
«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына ұсынылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын орналастыруға байланысты дайындалған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Инвестициялық меморандумының жариялануы туралы Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 (отыз сегіз миллион төрт жүз алпыс үш мың бес жүз елу тоғыз) дана мөлшерінде орналастырылатын қарапайым акцияларын сатып алу туралы инвестициялық шешімді қабылдау үшін осы акцияларды сатып алғысы келетін инвесторларға «ҚазТрансОйл» АҚ туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында дайындалған Инвестициялық меморандумының жарияланғаны туралы «ҚазТрансОйл» АҚ мәлімдейді. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акциялары Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде ұсынылып отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ инвестициялық меморандумында компанияның активтер құрылымы мен бизнесі, компанияның тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары, топтық басқару жүйесі, компания қызметін реттеу, өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері, стратегиясы, инвестициялық жобалары мен ниеттері туралы толық ақпарат қамтылған. Сондай-ақ, инвестициялық меморандумда акциялардың шығарылу өлшемдері, «ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтік саясаты, компания жөніндегі ақпаратты ашып көрсету ережелері туралы ақпарат бар. «ҚазТрансОйл» АҚ инвестициялық меморандумындағы жеке бір бөлім компанияның ұсынысын іске асыруға байланысты тәуекелдердің негізгі факторларына арналған. «ҚазТрансОйл» АҚ туралы толық ақпарат Инвестициялық меморандумда берілген. Осы меморандум «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-ның www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kztof7_2012.pdf мекен-жайындағы ресми сайтында сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның http://www.kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/informaciia_dlia_akcionera_i_investora/svedeniia_o_cennih_bumagah/ мекен-жайындағы ресми веб-сайтында орналастырылған. 06 қарашасынан бастап 05 желтоқсан күнін қоса санағанда акцияларға жазылуға болады. «ҚазТрансОйл» АҚ басшыларының акцияларды сатып алғысы келетін инвесторлармен кездесу (роуд-шоу) күндері туралы мәлімет қосымша хабарланатын болады. ____________________________________________________________________________________ «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумақтарында ашық немесе жасырын түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Баспасөз қызметі, 2012 жылдың 06 қарашасы, Астана қ. Тел.: +7 (7172) 555 135
Реакция:
Серiктестер