KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын Қазақстан Қор биржасына орналастыру құны, көлемі мен құрылымы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімін бекіту туралы Қа

 12.11.2012    294
Биылғы жылдың 31 қазанында «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын Қазақстан Қор биржасына орналастыру құны, көлемі мен құрылымы туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1376 қаулысына қол қойылды. Қаулыға сәйкес бір акция бағасы 725 теңге тұратын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 (отыз сегіз миллион төрт жүз алпыс үш мың бес жүз елу тоғыз) қарапайым акциясы бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына алғашқы рет орналастырылатын болады. Акцияларды нарыққа орналастыру оларға жазылу жолымен өткізілетін болады. Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорлары акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беруге құқылы. Жеке тұлғалар брокерлік компаниялар, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы акцияларды сатып алу туралы тиісті бұйрықтарды беру жолымен акцияларға жазыла алады. Жазылуға қатысу туралы толық ақпарат http://www.halyk-ipo.kz сайтында орналастырылған, сондай-ақ, осы мәліметті 8 800 080 50 70 телефонына хабарласу арқылы біле аласыз (ҚР бойынша қоңырау шалу тегін). Жеке тұлғалар өздері сатып алғысы келетін акция сомасына шектеу жасамастан өтініш бере алады. Өтініштерді қанағанттандыру тәртібі бойынша қандай да бір шектеусіз 7 миллион теңгеге дейінгі сомадағы өтініш қанағаттандырылатын болады. Инвесторлардың бағдарлама бойынша басымдық берілген тобы арасында бағалы қағаздарды үлестіріп болған соң, 7 миллион теңгеден асатын сомадағы өтініштер сатылмай қалған акциялардың көлемі мен оларға қатысты пайда болған сұранысқа сәйкес қанағаттандырылатын болады. Жеке тұлғалардан түскен өтініштерді орналастыру тәртібін белгілеу үшін олар шартты екі бөлікке бөлінеді: 1) өтініш сомасы немесе оның 7 миллион теңгеден аспайтын мөлшері; 2) өтініштің 7 миллион теңгеден асатын мөлшері. Нарыққа орналастырылған кезінде акциялар инвесторлардың түрлі топтары арасында келесі тәртіп бойынша үлестірілетін болады:
  1. Маркет-мейкердің қайталама нарықтағы өтімділікті сақтау үшін акциялар бойынша берген өтініш.
  2. Бір жеке инвестор тарапынан 7 000 000 (жеті миллион) теңге көлемінде берілген өтініш (толығымен қанағаттандырылады)
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған жинақтаушы зейнетақы қорларының берген өтініштері (толығымен қанағаттандырылады). Сұраныс нақты ұсынысқа қарағанда жоғары болған жағдайда, өтініштер мәлімделген көлемге сәйкес қанағаттандырылатын болады.
  4. Бір жеке инвестор тарапынан 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден асатын көлемде берілген өтініш (өтініштердің жиынтық сомасы нақты ұсыныс көлемінен жоғары болмаған жағдайда, толық көлемде қанағаттандырылады).
Жеке инвесторлар тарапынан берілген өтініштердің жиынтық сомасы акциялар көлемінен асып түскен жағдайда (маркет-мейкердің акциялар бойынша өтінішін есепке алмағанда), өтініштерді қанағаттандырудың ең үлкен сомасы келесі тәртіп бойынша төмендетілетін болады:
а) өтініштерді қанағаттандырудың 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге тең ең үлкен сомасынан бастап төмендетілетін болады; ә) төмендету қадамы бір акция құнына тең соманы құрайды; б) сұраныс мөлшері мен акциялар көлемі теңестірілгенге дейін төмендетілетін болады.
Жеке инвесторлардың арасында сұранысқа ие болмаған акциялар көлемі зейнетақы қорларының берген өтініштеріне сәйкес осы қорлардың арасында орналастырылатын болады. Зейнетақы қорларынан түскен сұраныстың көлемі акциялар көлемінен асып түскен жағдайда, зейнетақы қорларының өтініштері олардың көлеміне сәйкес қанағаттандырылатын болады. Зейнетақы қорлары арасында сұранысқа ие болмаған акциялар көлемі жеке инвесторлардың өтініш сомасының 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден асатын бөлігін қанағаттандыру үшін келесі тәртіп бойынша үлестірілетін болады:
  1. егер сұраныстың жиынтық көлемі қалған акциялардың көлемінен аз болса, барлық өтініштер толығымен қанағаттандырылады;
  2. егер сұраныстың жиынтық көлемі қалған акциялардың көлемінен көп болса, өтініштер 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден асатын мөлшерге сәйкес қанағаттандырылады.
Компанияның инвесторлар арасында сұранысқа ие болмаған акциялар көлемі «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде акциялар орналастырылған күннен бастап 6 (алты) ай уақыт өткен соң ғана белгіленген заңнама тәртібі бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан арығында орналастырылатын болады. Инвесторлардың әртүрлі топтарына үлестірілетін акцияларды нарыққа орналастыру кезінде өтініштің қай уақытта берілгені ескерілмейді. Ең бастысы, өтініштер акцияларға жазылу кезеңінде берілуі тиіс. BBB- (Standard&Poor's), BBB- (Fitch) және Baa3 (Moody's) рейтингтеріне ие «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының орналастырылатын қарапайым акциялары «Қазақстан Қор биржасы» АҚ Листингтік комиссиясының 2012 жылғы «30» қазанындағы шешімімен бірінші (ең жоғарғы) санат бойынша биржаның ресми тізіміндегі «акциялар» секторына енгізілді. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның орналастырылатын қарапайым акцияларына жазылу күндері - 2012 жылдың 6 қарашасынан бастап 5 желтоқсанына дейін. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ірі акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2012 жылдың 5 қарашасындағы хатында ҚТО компаниясының қарапайым акцияларын басым көлемде сатып алу құқығынан бас тартты. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының орналасқан мекен-жайы - Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларының шығарылымы мемлекеттік тіркеуге алынған күн - 2012 жылдың 26 маусымы. «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын шығару аңдатпасын және компания туралы басқа да ақпаратты веб сайттан, сондай-ақ, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, С блогы, С0521 кабинеті, инвесторлармен байланысу қызметінен алуға болады. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары брокерлік қызметті көрсету жөніндегі келісім шарттарына сәйкес 2012 жылдың 5 желтоқсанына дейін уақытылы төленуі тиіс.
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумақтарында тікелей немесе жанама түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі Тел.: +7 (7172) 555 135
Реакция:
Серiктестер