KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ықтимал инвесторларды, делдал компанияларды және жинақтаушы зейнетақы қорларын «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларына жазылуға байланысты KASE жұмыс тәртібінің өзгергені туралы хабарлайды

 27.11.2012    277
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) мүдделі тараптарды «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларын бастапқы орналастыру аясында 2012 жылғы 26 қарашадан бастап KASE жұмыс тәртібінің өзгергені туралы хабарлады. Біріншіден, ықтимал инвесторлардан өтінімдер жұмыс күндері Алматы уақытымен сағат 10.00-нан 19.00-ға дейін, сондай-ақ демалыс күндері Алматы уақытымен сағат 10.00-нан 16.00-ға дейін қабылданады. Өтіміндер бұрын тек жұмыс күндері Алматы уақытымен сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін қабылданып келген болатын. Бұл шешім Қазақстан Республикасының жұмысбасты азаматтарына «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатып алуы үшін делдалдық шоттар ашуға және өтінімдер беруге қосымша уақыт беру мақсатында жасалды. Есте болатын мәселе, Қазақстан Республикасының азаматтарынан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан өтінімдер қабылдау биылғы 5 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 19.00-да бір мезгілде аяқталады. Екіншіден, KASE Қазақстан Республикасының азаматтарынан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңде делдалдар жинаған өтінімдерді биржа жүйесінде тіркеу мерзімін 10 желтоқсанға дейін ұзартты. Яғни 2012 жылғы 6 – 10 желтоқсан кезеңінде делдалдар алыс өңірлерден KASE жазылу жүйесіне берілген барлық өтінімді және ақша қаражатты Бағалы қағаздарды орталық сақтаушыға (депозитарийге) қосалқы жеке-дара шоттарға жеткізіп үлгереді. Жазылу шарттарына бұл өзгерістерді енгізу барлық азамат үшін тең жағдайды қамтамасыз ету қажеттігінен туындады. Бұл шара барлық ықтимал инвестордың «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатып алуға арналған құжаттардың және/немесе ақшаның уақтылы жеткізілуіне еш алаңдамай, жазылу науқанына қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген жаңа тәртіпке сәйкес есеп-қисап жасауды жүргізу 24 желтоқсанда (бұрын 18 желтоқсан еді) аяқталады, KASE-де екінші кезектегі сауда-саттық жасаудың ашылуы 25 желтоқсанға көшірілді. «ҚазТрансОйл» АҚ әлдебір мәселелердің туындамауы үшін ықтмал инвесторлардан өтінімдер беру бойынша рәсімдерді 2012 жылғы 5 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 17.00-ге дейін аяқтауды ұсынады.
Реакция:
Серiктестер