Қолданыстағы шектеулер
- «ҚазТрансОйл» АҚакцияларын сатып алғысы келетін жеке тұлғалар шексіз сомаға сатып алуға өтінімдерін беруге құқылы.
- Акцияларды орналастыру кезінде инвесторлардың әртүрлі топтары арасында оларды бөлу кезінде жазылу кезеңіндегі өтінім беру мерзімі ескерілмейді.
- Жекелеген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен (Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатып алуға құқылы.
- «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде компания акцияларын сатып алуға тек Қазақстан Республикасының азаматтары (Жеке инвесторлар) және зейнетақылық активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) ғана құқылы. Осыған байланысты:
- Делдалдар заңды тұлғалар атынанберілген және Қазақстан Республикасының азаматтары емес жеке тұлғалар берген өтінімдерді қабылдамауға міндетті;
- Бағалы қағаздар орталық депозитарийі (ОД) берілген өтінімдерді қосымша тексереді жәнеегер қажет болса, заңды тұлғалар атынан берілгенжәне Қазақстан Республикасының азаматтары емес жеке тұлғалар берген өтінімдердіқабылдамайды;
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз активтерінің есебінен берген өтінімдерін ОД қабылдамайды.
- Келесі себептер бойынша делдалдар Жеке инвесторларлардың өтінімдерін «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) жүйесінде тіркемеуге шешім қабылдай алады:
- Жеке инвестордың өтінімдері мөлшері мен оның қосалқы шотындағы ақшалай қаражат мөлшерінің сәйкессіздігі;
- Жеке инвестордың қосалқы шотындағыақшалай қаражатының акцияны сатып алумен байланысты комиссия мен алымдарды төлеугежеткіліксіздігі.
Делдал Жеке инвесторға хабарлауға міндетті:
- Жеке инвестор өтінімнің қаралу мәртебесі және Жеке инвестор өтінімнің қабылданбау себептері туралы;
- Жеке инвестордың делдалдық шотын ақшалай қаражатпен толтыруы немесе Жеке инвестордың өтінімін делдалдық шоттағы сомасымен сәйкес келтіруі қажеттігі туралы.
- KASE ОД мағлұматтарын есепке алып, Жеке инвесторлар мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан қабылданған Өтінімдер тізілімін қалыптастырады және «ҚазТрансОйл» АҚ-қа жібереді.
KASE сонымен қатар бір делдалға әр түрлі уақытта немесе әр түрлі делдалдарға берілген бір Жеке инвестордың қайталанатын өтінімдері туралы есепті«ҚазТрансОйл» АҚ-қа жібереді.
- KASE-дан алған Өтінімдер тізілімін мына мәніске қосымша тексереді:
- Бағдарламаға қатысуға құқығы жоқ тұлғалар өтінімдерінің жоқтығына;
- Бір Жеке инвестордың есепке алынбаған қайталанатынөтінімдерініңжоқтығына.
Өтінімдердің кезектілігін бөлу тәртібі
- «ҚазТрансОйл» АҚ Маркет-мейкердің, Жеке инвесторлардың және ЖЗҚ-ныңжиынтық сұранысын есептейді.
- «ҚазТрансОйл» АҚ Жеке инвесторлардың 7 000 000 (жеті миллион) теңге шегіндегі өтінімдерін бірінші кезекте қанағаттандыруға қабылдайды. Бұл ретте:
- «ҚазТрансОйл» АҚ бір Жеке инвестордың қайталанатын өтінімдерін қосады, одан әрі акцияларды бөлген кезде қайталанатын өтінімдерді бірыңғай өтінім ретінде жалпы мөлшерде санайды.
- «ҚазТрансОйл» АҚ 7 000 000 (жеті миллион) теңге сомадан жоғары тапсырылған өтінімдерді екі бөлікке бөледі:
- бірінші кезекте қанағаттандыру үшін өтінімдердің 7 000 000 (жеті миллион) теңге шегіндегібөлігі (немесе қайталанатын өтінімдер жиынтығы);
- үшінші кезекте қанағаттандыру үшін өтінімдердің 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден жоғары бөлігі (немесе қайталанатын өтінімдер жиынтығы);
- «ҚазТрансОйл» АҚ екінші кезекте қанағаттандыру үшін ЖЗҚөтінімдерін қабылдайды.
Өтінімдерді қанағаттандыру тәртібі
- «ҚазТрансОйл» АҚ Маркет-мейкердің өтінімін кемінде 67 000 000 (алпыс жеті миллион), бірақ 157 000 000 (бір жүз елу жеті миллион)теңге аралығында қанағаттандырады.
- «ҚазТрансОйл» АҚ 7 000 000 (жеті миллион) теңге шегіндеөтінімдер берген Жеке инвесторларды бірінші кезекте қанағаттандыруға қабылдайды.
- Егер бірінші кезекте қанағаттандырылатын Жеке инвесторларөтінімдерінің жиынтық сомасы (7 000 000 (жеті миллион) теңге шегіндегіөтінімдер немесе өтінімдердің жартысы) орналастырылған акцияларсомасынан (Маркет-мейкер өтінімін санамағанда) аспаса, онда бұл өтінімдер толығымен қанағаттандырылады;
- Егер бірінші кезекте қанағаттандырылатын Жеке инвесторлар өтінімдерінің жиынтық сомасы орналастырылған акциялар сомасынан (Маркет-мейкер өтінімін санамағанда) жоғары болса, онда өтінімдерді қанағаттандыратын ең жоғары сомасының мөлшері келесі тәртіппен төмендейді:
- 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге тең қанағаттандырылатын өтінімдерінің ең жоғары сомасынан бастап төмендейді;
- төмендеу қадамының сомасы акция бағасына тең;
- жиынтық сұраныс пен орналастырылған акциялардың мөлшері тең болғанға дейін төмендейді.
- 7 000 000 (жеті миллион) теңге шегіндеөтінімдер берген Жеке инвесторлар талап етпеген акциялардың мөлшері ЖЗҚ-да олардың берген өтінімдеріне сай орналастырылады.
Егер ЖЗҚ жағынан жиынтық сұраныс орналастырылған акциялар молшерінен жоғары болса, 1-ші кезекте қанағаттандырылатын өтінімдерді санамай, зейнетақы қорларының өтінімдері олардың өтінімдер мөлшеріне барабар қанағаттандырылады.
- 1-ші және 2-ші кезекте қанағаттандырылатын өтінімдерден қалған акциялар көлеміЖеке инвесторлардың арасында олардың 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден жоғары өтінімдері бөлігіне келесі тәртіппен бөлінеді:
- Егер жиынтық сұраныс қалған акциялар мөлшерінен төмен немесе оған тең болса, онда 3-ші кезектің барлық өтінімі толық қанағаттандырылады;
- Егер жиынтықсұраныс қалған акциялар мөлшерінен жоғары болса, өтінімдер барабар қанағаттандырылады.
- Инвесторлардың барлық топтары талап етпеген Компания акцияларының көлемі заңнамамен орнатылған тәртіпке сәйкес «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде орналастыру уақытынан 6 айдан соң ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында орналастырылады.
Есеп-қисаптың жүргізілуі
- «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларыөтінімдер берген барлық инвесторлар топтары арасында бөлінгеннен кейін, Қанағаттандырылған өтінімдер тізілімі KASE-ке жіберіледі.
Есеп-қисап 2012 жылғы 20 желтоқсан –2012 жылғы 24 желтоқсан кезеңінде жүргізіледі.
- Егер есеп-қисап жүргізу кезіндеЖеке инвестордың делдалдық қосалқы шотында ақшалай қаражаты жеткілікті болмаса, Делдал Жеке инвесторға қосалқы шотты ақшалай қаражатпен тез толықтыру керектегі туралы хат жібереді.
Делдал инвесторлар алдында инвестордың қосалқы шоты және оның акциялар сатып алуға берген өтінімдерінің орындалу күйі туралы уақытында мәлімдеу үшін жауапты болады.
- 2012 жылғы 24 желтоқсанда есептеу біткеннен кейін Жеке инвесторлардың және ЖЗҚ-лардың делдалдық шотынан ақша қаражат алынады және сатып алынған акциялар қосылады. Делдал өз клиенттеріне бағалы қағаздардың алынуы туралы ескертпе және биржа куәлігінің көшірмесін бірге жібереді.
- Есептеу біткен соң келесі күні биржада қайталама акциялар айналымына байланысты сауда-саттық ашылады. Бұл 2012 жылғы 25 желтоқсаннан бастапЖеке инвестордыңөз Делдалы арқылы өз акцияларын сатуға не қосымша тағы акцияларды сатып алуға өтінімдерін жіберуге мүмкіндігі бар деген сөз.
Қайталама нарығында акцияларды сату және сатып алу нарықта қалыптасатын ұсыныс пен сұранысқа сәйкес бағамен жүзеге асырылады.
- Жеке инвестордың акцияларға иелігін растайтын құжат делдалдық шоттың көшірмесінДелдалдан сұрауға құқығы бар, ал Делдалоны беруге міндетті.
Ескерту:
Бағалы қағаздар қағаз түрінде емес, шоттағы жазба түрінде болады. Делдалдың, тіркеушінің немесе банк-кастодионның көшірмесі бағалы қағаздарды иеленуді растайтын құжат болады.
«ҚазТрансОйл» АҚ туралы толық ақпарат «Қазақстан қор биржасы» АҚ сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kztof7_2012.pdf мекенжай бойынша, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ ресми веб-сайтында http://www.kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/informaciia_dlia_akcionera_i_investora/svedeniia_o_cennih_bumagah/мекенжай бойынша орналастырылған. «ҚазТрансОйл» АҚ Инвестициялық меморандумында компания активтерінің құрылымы және бизнесі туралы, оның тарихы мен дамуының бағыттары туралы, топтық басқару жүйесі туралы, қызметті реттеу туралы, өндірістік қызметтің нәтижелері және қаржылық көрсеткіштері туралы, стратегиясы мен инвестициялық жобалары және ниеті туралы толық ақпарат берілген. «ҚазТрансОйл» АҚ Инвестициялық меморандумының жеке бөлімі компания жасаған ұсыныстарды іске асырумен байланысты тәуекелдердің негізгі жағдаяттарына арналған.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайы бойынша тіркелген, «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысушы, оның аясында Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «ҚазТрансОйл» АҚ-тың38 463 559 жай акциясы ұсынылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ ресми сайты - www.kaztransoil.kz.
«ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы, жалпы ұзындығы 8 мың км. шамасында магистральды мұнай құбырлары мен суағызғыларына иелік етуші Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдаушы компаниясы.
«ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін мұнайдың жалпы көлемінің 59 пайыздайынсыртқы және ішкі нарыққа тасымалдайды.
АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумағында жария таратуға немесе жариялауға арналмаған.