«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың шоғырландырылған көлемі 65 млн. 795 мың тонна құрады, жоспарлы межеден 2,8% жоғары.
2012 жылы шоғырландырылған жүк айналымы 42 млрд.163 млн.тонна*км құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. Есеп беру кезеңі бойынша су беру көлемі 22 млн. 799 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 10,3% жоғары.
Компанияның негізгі қызметінен 2012 жылғы шоғырландырылған кіріс көлемі 143 млрд. 061 млн. теңге құрады, бұл жоспарлы межеден 4,8%, 2011 жылдың көрсеткешінен 1,8% жоғары.
2012 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 33 млрд. 501 млн.теңге құрады, бұл 2011 жылдың жоспарынан 30%-ға жоғары және көрсеткішінен 29,1%ға жоғары.
2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарлама шеңберінде Қазақстан Қор биржасына 38 463 559 Қоғамның қарапайым акцияларын орналастырды. Жазылыс 6 қараша мен 5 желтоқсан аралағында өтті, 2012 жылдың 21 желтоқсанда акцияларды бөлгеннен кейін, өтінім берген инвесторлардың делдалдық шоттарына қосты. Ал 25 желтоқсанда қайталама сауда-саттық ашылды. IPO нәтижесінде Қазақстан Республикасының 33 989 азаматтары және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акционерлері болды.
«Потенциалды акционерлермен кездесулер барысында біз, яғни «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы мен ұжымы, «халықтық акционерлерді» біздің компаниямыздың акцияларын сатып алудан ең қысқа мерзімінде табатын нақты және айтарлықтай табыстарды сезуге бар күшін салады деп мәлемдедік. 2012 жылда алынған қорытынды нәтиже – 33,5 млрд теңге көлеміндегі таза пайдасы – бұған дәлел. Мамыр айдың аяғында біз пайданы үлестіру және бір акцияға дивидендтің көлемі туралы шешім қабылдайтын жылдық жалпы акционерлер жиналсын өткіземіз. Қоғам жарияланған пайданы ескере отырып, бәсекелесуге жарамды, яғни Қоғамның таза табысының 40%-ынан кем емес дивидендтерді төлеу қабілеті бар», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ.Қабылдин.
2012 жылдың 31 желтоқсанға аяқталған жыл үшін және тәуелсіз аудиторлардың есебімен шоғырландырылған қаржы есептілігі «ҚазТрансОйл» АҚ топтық сайтының мына мекен-жайы бойынша орналастырылды:
Қаржылық ақпарат (жылдық және аралық қаржы есебі)
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы.
«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзақтығы 7,6 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар мен су таратқыштар әртараптандырылған торабын иеленетін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі