«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың бірінші тоқсандағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша шоғырландырылған қорытындысын хабарлайды.
Шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен аударудың көлемі 16 млн. 947 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас нәтижесінен 2% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдау көлемі 13 млн. 509 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелеріне сәйкес келеді.
Шоғырландырылған жүк айналымы 11 млрд. 283 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 11% жоғары. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд. 173 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2012 жылдың І тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 9% жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн. 122 мың текше метр болды, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 5% төмен.
2013 жылғы І тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі қызметтен түскен шоғырландырылған кіріс көлемі 47 млрд. 69 млн.тенгені құрады, бұл жоспарлы межеден 14% жоғары және 2012 жылдың І тоқсанының көрсеткішінен 41% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2013 жылдың І тоқсанда негізгі қызметтен түскен шоғырландырылған кіріс көлемі 41 млрд. 536 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылдың бірінші тоқсанының көрсеткішінен 45% жоғары.
Шоғырландырылған таза пайдасы 20 млрд. 322,7 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 61% жоғары және 2012 жылдың бірінші тоқсанының көрсеткішінен 111% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2013 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 16 млрд. 749 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 55% және 2012 жылдың І тоқсанының көрсеткішінен 131% жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірстік қызметтің жоғары стандарттарын сақтауға және өзінің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін бар күшін салуға әрі қарай ниеттенеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ қаржы есептілігімен корпоративтік сайтымызда мына меке-жай боынша танысуға болады: Қаржылық ақпарат (жылдық және аралық қаржы есебі) немесе KASE сайтында осы мекен-жай бойынша: http://www.kase.kz/ru/news/show/1189131
2013 жылы 28 мамырда бір акцияға шаққандағы төленетін дивидендтің мөлшері 75 теңгені бекіткен «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтті. Дивидендтердің 2012 жылдағы жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені құрады немесе шоғырландырылған таза пайданың 86% құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі