Шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 49 млн. 271 мың тоннаны құрады, жоспарлы межеден 3% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 1% жоғары.
Шоғырландырылған мұнай айналымы 34 млрд. 107 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 11% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 9% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 17 млн. 840 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 14,5% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 2,2% жоғары.
2013 жылдың 9 айындағы аралық шоғырландырылған қаржы есеп-қисабы кейін жарияланады – 2013 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі аралықта. Бұл кідіріс Компанияның есеп саясатына сәйкес өткізілетін 2013 жылдың 31 шілдедегі күйіне сай негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау қорытындысын 2013 жылдың 30 қыркүйектегі күйіне сай «ҚазТрансойл» АҚ шоғырландырылған қаржы есеп-қисабында көрсету қажеттілігімен туғызылды.
Ақпарат:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры жөніндегі операторы. Компания ұзындығы 5 мың км. аса мұнай құбырлары мен 2 мың км. астам су құбырлары желісін басқарып, 8 мыңнан аса адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі