KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Т. Қасымов атындағы мұнай айдау стансасын қайта құру аяқталды

 30.12.2013    316
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы (АҚ) Т. Қасымов атындағы мұнай айдау стансасын (МАС) қайта құру келтіру жобасының аяқталуы жөнінде хабарлайды. Жобаны жүзеге асыру 2013 ж. шілде айында басталды. Жобаның мақсаты «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру жобалары аяқталғанға дейін жеңіл мұнайды Атырау – Кеңқияқ бағыты бойынша жылына 4 млн. тоннаға дейінгі көлемде тасымалдаудың техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету еді. «ҚазТрансОйл» АҚ «Мұнайтас» солтүстік-батыс құбыр компаниясы» (СБҚК) АҚ-пен бірігіп «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырының өткізу қабілетін одан әрі арттыру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Атап айтқанда қазіргі кезде 63 км-дегі МАС-ты қайта құру мен кеңейту жобасы және Аман МАС-ты салу жобасы дайындалды, аталған жобалар Кеңқияқ бас мұнай айдау стансасы (БМАС) бағытында мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс істеп тұрған МАС-тарды қайта құру және екі аралық МАС салу есебінен келешекте мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 12 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Т. Қасымов атындағы МАС (бұрынғы Атырау МАС), Атырау облысында орналасқан, пайдалануға 1969 жылы «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры құрамында берілген, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Атырау мұнай құбыры басқармасының құрымына еніп отыр. Қазіргі уақытта осында Қазақстанның бүкіл мұнай кен орындарынан дерлік («Өзен – Атырау», Каспий құбыр консорциумы (ККК), «Мартыши – Атырау», «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырларымен және темір жолмен жеткізілетін) мұнайды қабылдауды және одан әрі «Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы және Атырау мұнай өңдеу зауытына айдауды, КТК мұнай құбыры жүйесіне мұнайды ауыстыры құюды және темір жол көлігімен жөнелту үшін құюды жүзеге асырылып отыр. Т. Қасымов атындағы МАС өндірістік қызметін 200-ден аса адам қамтамасыз етеді. «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырының иесі «Мұнайтас» СБҚК» АҚ, компания акцияларының 51 пайызы «КазТрансОйл» АҚ-қа, ал 49 пайызы «CNPC Exploration and Development Company Ltd» ЖШС-ға (Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының пайдалану және тасымалдау компаниясы) тиесілі. «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының Қеңқияқ БМАС – Т.Қасымов атындағы МАС бағыты бойынша өткізу қабілеті жылына 6 млн. тоннаны құрайды. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер