«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4%-ға ұлғайтты.
Нақты мәліметтер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 2013 жылғы қаңтар –желтоқсанда 53 млн. 924 мың тоннаны құрады. Жоспарлы межемен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 2 млн. 49 мың тоннаға немесе 4%-ға, ал өткен жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 1%-ға артты, өсім 465 мың тонна.
2013 жылдың 12 айы ішінде, 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 14 млн. 116 мың тоннаға артты, бұл – 136 мың тоннаны немесе 1% өсімді құрайды. Атап айтқанда АМӨЗ-ге 4 млн. 333 мың тонна (2013 жылғы деңгейде), ПКОП-қа – 4 млн. 711 мың тонна (151 мың тоннаға кем), ПМХЗ-ға – 5 млн. 47 мың тонна (55 мың тоннаға кем), Битум зауытына 25 мың тонна (2012 жылы жеткізілген жоқ) мұнай жөнелтілді.
Сонымен қатар «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 11 млн. 828 мың тоннаға өсті, бұл 2012 жылғы осындай кезеңнің көрсеткішінен 1 млн. 427 мың тонна немесе 14 пайыз артық. «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен мұнай тасымалдау көлемі өзгерген жоқ – 2013 жылдың 12 айында 15 млн. 376 мың тонна мұнай айдалды.
«КазТрансОйл» қуаттарын пайдаланып, Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю көлемі 5 млн. 995 мың тонна құрады. 2012 жылмен салыстырғанда, мұнай құю көлемі 530 мың тонна немесе 8% төмендеді.
КҚК-Қ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 2013 жылдың 12 айы ішінде 3 млн. 625 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңінен 343 мың тонна немесе 9% аз.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен ресейлік мұнай транзиті 2013 жылдың қорытындылары бойынша 6 млн. 533 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1 млн. 12 мың тонна немесе 18 пайыз артық (2012 жылдың 12 айында нақты көрсеткіштер 5 млн. 521 мың тонна мұнайды құрады).
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен жүк айналымы 36 млрд. 994 млн. тонна/км құрады. Жоспарлы межемен салыстырғанда, жүк айналымы 3 пайыз, немесе 1 млрд. 89 млн. тонна/км, ал өткен жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда, 2 млрд. 464 млн. тонна/км артты, бұл 7 пайыз өсімді құрайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань – Маңғыстау су ағызғысымен Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларына Еділ суын жеткізеді. 2013 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында су беру көлемі 23 млн. 390 мың текше метрді құрады және 2012 жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда 591 мың текше метр немесе 3 пайыз артты.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі