2013 жылдың қаңтар-желтоқсандағы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральді мұнай құбырлар жүйесі арқылы мұнай тасымалдаудың көлемі 53 млн. 924 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас нәтижесінен 465 мың тоннаға жоғары.
2013 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральді мұнай құбырлар жүйесі арқылы мұнай айналымы 36 млрд. 994 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас көрсеткішінен 2 млрд. 464 млн. тоннаға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 23 млн. 390 мың текше метр болды, бұл 2012 жылдың ұқсас көрсеткішінен 591 мың текше метрге жоғары.
2013 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ табысы 168 млрд. 214,9 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 35,7% жоғары.
2013 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 53 млрд. 961 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қорытындысынан 112,9%-ға жоғары.
Инвесторлармен байланыс қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ