«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың шоғырландырылған көлемі 67 млн. 220 мың тонна құрады, бұл 2012 жылдың нәтижесінен 2 %, ал жоспарлы межеден 6% жоғары.
2013 жылы шоғырландырылған жүк айналымы 45 млрд.493 млн.тонна км. құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас көрсеткішінен 8 %, ал жоспарлы межеден 4% жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. Есеп беру кезеңі бойынша су беру көлемі 23 млн. 390 мың текше метр болды, бұл 2012 жылдың нәтижесінен 3 %, ал жоспарлы межеден 4% жоғары.
Компанияның негізгі қызметінен 2013 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ табысы 168 млрд. 214,9 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 36%, ал жоспарлы межеден 8% жоғары. Сонымен бірге 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 52 млрд. 016 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қорытындысынан 105% және жоспарлы межеден 27 %-ға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының 2013 жылғы шоғырландырылған табыс көлемі 190 млрд. 021 млн. теңге құрады, бұл 2012 жылдың көрсеткешінен 33% және жоспарлы межеден 8% жоғары. Сонымен бірге 2013 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 63 млрд. 543 млн.теңге құрады, бұл 2012 жылдың қорытындысынан 90% және жоспарлы межеден 23 %-ға жоғары.
2013 жылдың 31 желтоқсанға аяқталған жыл үшін және тәуелсіз аудиторлардың есебімен шоғырландырылған қаржы есептілігі «ҚазТрансОйл» АҚ топтық сайтының мына мекен-жайы бойынша орналастырылды:
http://www.kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akparatti_ashu/karzhilik_akparat_zhildik_zhene_aralik_karzhi_esebi/
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы.
«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзақтығы 7,6 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар мен су таратқыштар әртараптандырылған торабын иеленетін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Астана қаласы, «19» наурыз, 2013 ж.