KZTO 841,00 (-0,04%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,00 (-0,04%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі дивидендтер төлеуге 41 925 280 291 теңге көлеміндегі сомасын жіберуді ұсыныс етті

 21.04.2014    210
2014 жылы 17 сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің отырысы өтті. Соның барысында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру шешімі қабылданып, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының келісідей күн тәртібі орнатылды:
  1. 2013 жылғы «ҚазтрансОйл» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту;
  2. 2013 жылғы «ҚазтрансОйл«АҚ-ның таза пайдасын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мен «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
  3. 2013 жылғы «ҚазТарнсОйл» АҚ-ның жылдық есебін бекіту;
  4. «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің 2013 жылғы жасаған жұмыстың жылдық есептілігін бекіту;
  5. 2013 жылғы Қоғам мен оның лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің үндеулерін қарау және сол қараудың қорытындысы туралы;
  6. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңес мүшесінің уәкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  7. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін, соның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы;
  8. Тәуелсіз директорларға өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы және өтем төлеу мөлшерін және шарттарын белгілеу туралы;
  9. «ҚазТрансОйл» АҚ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  10. «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы;
  11. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізілімі 2014 жылғы 14 мамыр айының 00.00 сағаттағы жағдай бойынша жасалады. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілуі туралы мәлімдеме KASE сайтында және Қоғамның корпоративтік сайтында (http://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/akcionerler_ushin_zharnama_zhene_akparat/) орналастырылды. Директорлар кеңесі Компания акционерлердің жылдық жалпы жиналысын 2014 жылы 28 мамыр айында өткізуі туралы шешім қабылдады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізілімі 2014 жылғы 14 мамыр айының 00.00 сағаттағы жағдай бойынша жасалады. Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жалпы жиналысына:
  1. 2013 жылда алған 63 543 600 000 теңге көлемдегі таза кірісті таратудың тәртіппен таратуды: – 41 925 280 291 теңге көлемдегі сомасын дивидендтерді төлеуге жіберу арқылы; – Таза кірістен қалған 21 618 319 709 теңге көлемдегі сомасын «ҚазТрансОйл» АҚ иелігіне қалдыру арқылы.
  2. Бір жай акциясына 109 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді төлеуді ұсынған болатын.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік сайтында 2014 жылғы 16 мамырда орналастырылатын болады (http://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushn_akparat/akcionerler_ushin_zharnama_zhene_akparat/). «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы. «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзақтығы 7,6 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар мен су таратқыштар әртараптандырылған торабын иеленетін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздегі өндірілетін мұнайдың жалпы көлемінің 59 пайызын экспорт пен ішкі нарыққа тасымалдап отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары Қазақстандық Қор Биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды. 2012 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңге және/немесе орналастыру бағасына 10,3 пайыз құрады. 2012 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңге немесе 2012 жылда алған таза кірістің 86 пайызын құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі - 8-717-2-555-135, 8-717-2-555-136
Реакция:
Серiктестер