Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 12 млн. 714 мың тоннаны құрады, 2013 жылдың І тоқсанынан 6% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 15 млн. 488 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 8,6% төмен.
Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 8 млрд. 941 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 3% төмен. Ал шоғырландырылған айналымы 11 млрд. 79 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 1,8% төмен.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн. 429 мың текше метр болды, бұл 2013 жылдың І тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 6% жоғары.
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың І тоқсанның кіріс көлемі 41 млрд. 352 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 0,4% төмен.
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 15 млрд. 139 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсанының көрсеткішінен 9,6 % төмен.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы.
Компания жалпы ұзақтығы 5 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар және 2 мың км су таратқыштардың әртараптандырылған торабын басқарып, 8 мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі