S&P Қоғамның кредиттік дәрежесін «BBB-» деңгейінде құптады, болжамы «Тұрақты».
S&P Қоғамның кредиттік дәрежесін бағалау кезінде бизнес-тәуекел бағытын қолайлы, ал қаржы тәуекел бағытын орташа деңгейде бағалаудан шыққан.
S&P мықты нарықтық және бәсекелес бағдарларын, Қазақстан Республикасында мұнай құбырлары негізгі операторының жағдайын, қарыздың қолайлы құрылымын және өтеу кестесін, «ҚазТрансОйл» АҚ деңгейінде борышқорлық міндеттерінің жоғын, өтемпаздықтың барабар көрсеткіштерін және ақша қаражаттарының маңызды қорын атап өтті.
Қоғамның кредиттік дәрежесі Қоғамның қаржы икемділігін, мұнай компаниялармен ұзақ мерзімді шарттардың болуын, сондай-ақ мұнай тасымалдаудан түсетін тұрақты реттелетін ақша ағынын көрсетеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясына (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) және Қазақстан Үкіметіне көрсететін стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық қызметтер көрсету Қоғамның қызметіне оңтайлы әсер етеді. S&P пікірінше «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобында Қоғамның маңызды ролі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның стратегиялық маңызы Қоғамның Қазақстан Республикасында мұнай құбырының негізгі операторы екенділігі негізделеді. S&P жағымсыз жағдайда Қоғам мемлекеттен уақытылы қолдау алады деп есептейді.
S&P Қоғам ҚМГ ҰК тобының «стратегиялық маңызды» компаниясы мәртебесін сақтап отырғанда, оның дәрежесі бас құрылым дәрежесі деңгейімен шектеледі және соған байланысты өзгереді деп күтуде. Сондықтан ҚМГ ҰК өз кредит қабілеттілігінің бағасын кем дегенде «bb-» деңгейіне дейін көтерген кезде ғана Қоғамның дәрежесі көтерілуі мүмкін.
Қоғам дәрежелері бойынша тұрақты болжам ҚТО көрсеткіштеріне оңтайлы әсер етеді деген S&P болжалын ескереді: мықты нарықтық және бәсекелестік ұстаным, мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді шарттардың болуы, сондай-ақ мұнай тасымалдаудан түсетін тұрақты реттелетін ақша ағыны. Қоғам рейтингтері бойынша тұрақты болжам Қоғамның 90% акциясына ие ҚМГ ҰК рейтингі бойынша болжамды көрсетеді.
S&P Қоғам қаржы тәуекелінің бағытын орташа деп қарайды, себебі компанияда қарыздың оңтайлы құрылымы бар – өтелмеген қарыздың барлық сомасы Қоғам еншілес компанияларының міндеттемелері болып табылады. S&P Қоғамда барабар ақша ұстанымының болуына байланысты қаржы икемділігінің, сондай-ақ көптеген үлкен жобалардың мерзімін ауыстыру мүмкіндігі мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігінің болуын белгілейді.
S&P болжалы бойынша орташа мерзімді болашақта Қоғам 2014 жылы тарифтердің өсуіне байланысты операциялық қызметтерден түскен қомақты оңтайлы бос ақша ағынын бақылауды жалғастырады.
S&P Қоғам ақша қаражатының едәуір қоры барлық инвестициялық жобалармен және жоғары дивиденттік төлемдермен байланысты шығындарды жабуға мүмкіндік береді деп санайды.