«КазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы қызметтің нәтижелері бойынша компанияның қарапайым акциялары бойынша (KZ1C29950017) дивидендттерді төлеудің аяқталуы жөнінде хабарлап отыр.
1. «ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы қызметтің нәтижесінде қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді төлеу шешімі Жылдық жалпы акционерлер жиналысында 2014 жылдың 28 мамырында қабылданғын болатын (протокол №1/2014).
2. Дивидендтер төленетін кезең 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейінгі уақыт аралығын қамтып отыр.
3. Бір қарапайым акцияға дивиденд мөлшері 109 теңгені құрайды.
4. Дивидендтер төлеуге бағытталатын ақшаның мөлшері - 41 925 280 291 (қырық бір миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион екі жүз сексен мың екі жүз тоқсан бір теңге) теңге.
5. Дивидендтер ретінде төленген ақшаның мөлшері - 41 925 280 291 (қырық бір миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион екі жүз сексен мың екі жүз тоқсан бір теңге) теңге.
6. Дивидендтерді алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлер тізімі 2014 жылдың 13 маусымда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша құрастырылған болатын.
7. Дивиендтерді төлеу 2014 жылдың 3 шілдеде жүзеге асырылды.
Дивидендтерді төлеу әдісі - дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлер тізімі бойынша акционерлердің жеке шоттарына қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен:
- «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның атаулы иелігінде орналасқан «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары бойынша төлемдер «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның өз атынан төлем агенті арқылы жүзеге асырылады;
- «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның атаулы иелігінде орналаспаған «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары бойынша төлемдер «ҚазТрансОйл» АҚ-ң өзімен жүзеге асырылады.