KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Дивидендтерді төлеу сұрақтары бойынша мәлімдеме

 24.07.2014    356
Құрметті акционерлер, 2014 жылдың 28 мамырында өткізілген «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 109 теңгені құрайтыны жайлы шешім қабылдады. Дивиендтерді төлеу 2014 жылдың 3 шілдесінде, дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлер тізімі бойынша акционерлердің жеке шоттарына қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылды. Дивидендтерді төлеу аяқталғаннан кейінгі мерзім ішінде, «Қазпочта» АҚ клиенттері болып табылатын акционерлер тарапынан, «Қазпочта» АҚ шоттарына дивидендтер түспегені жөнінде хабарлайтыны туралы үндеулер жиелене түсті. «ҚазТрансОйл» АҚ берілген ақпараттың шындыққа сай еместігін мәлімдейді. Дивидендтер Сіздің шоттарыңызға түсті. Егер Сізге, ең жақын орналасқан «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің қызметкерлері дивидендтерді алу үшін әрекет тәртібін түсіндіре алмаған жағдайда, Сіз:
  1. Ең жақын орналасқан трансфер-агенттігі бөлімін немесе бекетін анықтауыңыз қажет. Ол үшін: - сұрағыңызбен ең жақын орналасқан «Қазпочта» АҚ бөлімшесіне баруға, - немесе «Қазпочта» АҚ сайтында http://www.kazpost.kz/ru/article/finansovye-uslugi/finansovye-uslugi/transfer-agentskie-uslugi мекенжайы бойынша көрсетілген телефондар арқылы сұрауға.
  2. Сауалыңызбен ең жақын трансфер-агенттік бөліміне немесе «Қазпочта» АҚ бөлімшесіне баруыңыз қажет. Өзіңізбен бірге: - жеке куәлік және СТН, - ақшалай қаражатты аударатын толық банк шотыңыздың деректемелері (картаңыздың немесе ағымдағы шотыңыздың жиырматаңбалық нөмірі), - «Қазпочта» АҚ-мен жасасқан делдалдық қызмет көрсету туралы келісім шартының көшірмесі болуы тиіс.
  3. Сіздің карталық немесе ағымдағы шотыңызға, алған дивидендтерді аудару үшін, трансфер-агенттік бөлімшесінің немесе бекетінің қызметкерінен құжаттарды рәсімдеу туралы нұсқау алуыңыз қажет.
Ақшалай қаражаттың «Қазпочта» АҚ-ның комиссиясын төлеуге жеткілікті екеніне көз жеткізіп алғаныңызға үндеу жасаймыз. Сонымен қатар, алған дивидендтеріңізге қосымша акциялар сатып алуыңызға құқығыңыз және мүмкіндігіңіз бар екендігіне Сіздің назарыңызды саламыз. «ҚазТрансОйл» АҚ Инвесторлармен байланыс қызметі
Реакция:
Серiктестер