KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына шоғырландырылған қаржылық және өндірістік қызметі бойынша қорытындысын хабарлайды

 13.08.2014    271
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдау және айдаудың көлемі 25 млн. 44 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 4% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 30 млн. 880 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 6% төмен. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 17 млрд. 927 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 2% төмен. Ал шоғырландырылған айналымы 22 млрд. 105 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 2% төмен. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 11 млн. 950 мың текше метр болды, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 6% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша кіріс көлемі 87 млрд. 865 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 7% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша таза пайдасы 36 млрд. 755 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткішінен 10% жоғары. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша шоғырландырылған кіріс көлемі 97 млдр. 26 млн. тенгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 4,5% жоғары. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша шоғырландырылған таза пайдасы 26 млдр. 436 млн. тенгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткішінен 35% төмен. Шоғырландырылған пайданың төмендеуінің негізгі себебі, бірлескен-бақылаудағы ұйымдарынан шығынның пайда болуына байланысты. Қаржылық міндеттемелерін (қарыздарын) АҚШ долларымен қайта есептеу қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның девальвациясы нәтижесінде бағамдағы айырмаға байланысты «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-де шығын пайда болды. «ҚазТрансОйл» АҚ қаржы есебімен корпоративтік сайттан келесідей адрес бойынша танысуға болады: Қаржылық ақпарат (жылдық және аралық қаржы есебі) Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер