2014 жылғы 28 тамызда Fitch Ratings (бұдан әрі – Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚТО) компаниясының шетелдік валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін «Тұрақты» деген болжаммен «ВВВ» деңгейінде екендігін қуаттады.
ҚТО дәрежесі ҚТО-ның операциялық қызметінің және кредитке қабілеттілігінің күшті көрсеткіштерін көрсетеді, олар кем дегенде орташа мерзімді келешекте сақталады деп күтеді агенттік, сондай-ақ Қазақстан экономикасы үшін ҚТО-ның стратегиялық маңызын ескереді.
Fitch ҚТО Қазақстанда мұнай тасымалдау бөлігінде көшбасы екендігін атап көрсетеді. ҚТО Қазақстан экономиксы үшін маңызы зор мұнай тасымалдау секторында жетекші орын алады. 2012 жылы ҚТО Қазақстанның мұнай құбырларының ұлттық операторы мәртебесін алды, ол компанияның монополиялық орнын құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
ҚТО дәрежесі ҚМГ ҰК дәрежесінің деңгейімен шектелген, өйткені бас құрылым ҚТО-ның бос ақша ағынына дивидендтер арқылы елеулі ықпал етеді, олар ҚМГ ҰК-ға өзінің ауқымды борышына қызмет көрсету үшін қажет. Бұл ретте ҚТО-ның өзінің өтімділік көрсеткіштері жақсы және борыштық міндеттемелері жоқ. Агенттік ҚТО-ның дәрежесін «А» дәрежелік санаттың төменгі бөлігіне сай ретінде дербес негізде бағалап отыр.
Fitch қаржы қиыншылығы туындаған жағдайда мемлекет ҚТО-ға қолдау көрсетеді деп пайымдайды. Мұндай қолдау тікелей капиталға жарналар немесе мемлекеттік банктерден кредиттер түрінде немесе әлдеқайда жоғары тарифтер түрінде болуы мүмкін.
Талдаушылар ҚТО-ның тұрақты операциялық көрсеткіштерін атап көрсетті. Айталық 2013 жылы ҚТО мұнай тасымалдау көлемін (СП-ны қоспағанда) 37 млрд. тонна-км жеткізді, алдындағы жылмен салыстырғанда 7% жоғары болды, ал 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта көлем 2013 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% қысқарды. Fitch орташа мерзімді келешекте ҚТО-да тасымалдау көлемі мен жүк айналымы бірте-бірте кемитін болады, өйткені Қазақстанның елеулі мұнай кеніштерінде өндіру толысқан кеніштерге тән көрсеткіштерді көрсетіп отыр.
2014 жылы ҚТО тарифтерін ұлғайту құнсызданудың компанияға әсерін әлсіретті. Талдаушылар тарифтердің дер кезінде индекстелуін ҚТО-ның жақсы қаржылық көрсеткіштері үшін елеулі жәйт ретінде қарастырып отыр.
Бұдан басқа, Fitch елеулі күрделі қаржы салымына қарамастан ҚТО-ның жоғары кредитке қабілеттілігін атап көрсетеді. Fitch ҚТО-да жылдық күрделі қаржы салымы 2013 жылғы 33 млрд-қа қарағанда 2014 – 2018 жылдары 50 млрд. теңгеден асып түседі деп күтеді, өйткені компания екі елеулі жобаны – Қазақстан – Қытай құбырының екінші тармағын салуды (өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін арттыру мақсатында) және Қаражанбас – Ақтау, Өзен – Ақтау құбырларын жаңғыртуды жүзеге асыруда. Агенттік ҚТО-да жоғары күрделі қаржы салымына байланысты 2018 жылға дейін бос ақша ағыны болмайды деп күтеді, бірақ ҒҒО бойынша түзетілген таза левередж орташа мерзімді келешекте кемінде 0,5х деңгейінде қалуы тиіс.