KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Жұмыскерлердің денсаулығы және еңбектің қауіпсіз жағдайлары - бұл біздің басты құндылығымыз

 05.05.2022    582
Бүгін орталық аппаратта Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеуге орай қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. «ҚазМұнайГаз «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ТЖ департаментінің директоры Қабылов Асқар Темірбекұлы естелік белгімен марапатталды. «Құрмет» грамотасы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ТЖ департаментінің өнеркәсіптік және көлік қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Гусманов Мейірбек  Ақылбекұлына табыс етілді. «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев өзінің құттықтау сөзінде әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, еңбекте табыс тіледі.


«Қызметкерлердің денсаулығы және қауіпсіз еңбек жағдайлары – бұл ҚазТрансОйлдың ұстанатын басты принциптерінің бірі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізу бойынша біздің ортақ күш - жігеріміз өз нәтижелерін беріп келеді», - деп атап өтті Т.Құрманбаев.
 
Айсамал Әбілхан
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер