KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

Павлодарлық мұнайқұбыршылар қысқы апаттық жаттығуларды пысықтады

 03.02.2026    14
Павлодар мұнай құбыры басқармасында апатқа қарсы қысқы оқу-жаттығулар өтті. Мамандар магистральдық мұнай құбыры бұзылған жағдайда тез әрі бірлесіп әрекет етуді, уақыт тәртібін сақтауды және арнайы техникаларды тиімді пайдалануды пысықтады.
 
Оқу-жаттығулар «Павлодар–Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 148-ші шақырымында, Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы өтетін өтпе жол аумағында өткізілді. Сценарий бойынша құбырда бұзылу орын алып, әуе өтпе жолында мұнайдың сыртқа ағуы тіркелді. Бұл нақты өндірістік жағдайға барынша жақын сценарий мамандардың әрекеттерін жан-жақты тексеруге мүмкіндік берді.
 
Іс-шараға су асты техникалық жұмыстар учаскесінің мамандары, «Екібастұз» мұнай айдау станциясының және тірект авариялық-қалпына келтіру пунктінің қызметкерлері, технологиялық көлік пен арнайы техника цехының мамандары, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Жаттығу барысында мұз кесуге, тесуге және мұнайды жинауға арналған арнайы машиналар мен құрал-жабдықтар қолданылды.
 
Мұнайқұбыршылар мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері бірлесіп жұмыс істеп, іс-қимыл жоспарына сәйкес әрекет етті. Уақыт тәртібі қатаң сақталып, теориялық білім мен практикалық дағдылар пысықталды.
 
Практикалық жаттығулар магистральдық мұнай құбырында ұқсас апаттық жағдайларда әрекет етуге персоналды жоғары деңгейде дайындауға мүмкіндік берді.

 
Серiктестер