KZTO 863,00 (+0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 863,00 (+0,12)

Спиральды құбырлар шығаратын зауытпен танысу «Asia Steel Pipe Company» ЖШС

 11.05.2022    738
«ҚазТрансОйл» АҚ Активтерді басқару департаментінің өндірістік активтерді басқару бөлімі мамандарының делегациясының бөлім бастығы К.Латифов пен бас менеджер Ж.Үкасов және «ҚазТрансОйл» АҚ «ЗӘО» филиалы директорының ғылым және инновация жөніндегі орынбасары А.Дидух, сондай-ақ «АстанаГаз ҚМГ» АҚ күрделі құрылыс департаментінің директоры А.Көптілеуовпен бірлесіп, технологиялық жабдықтармен танысу мақсатында Алматыдағы «Asia Steel Pipe Company» ЖШС спиральды құбырларды дайындау бойынша зауыттың сыртқы/ішкі коррозияға қарсы қорғаныш жабындарын салу және құбырлар өндіру цехтарында болды.
 

«ҚазТрансОйл» АҚ делегаттар тобы
 
Зауыт қатысушылары: ҚР тарапынан – «Dostar drilling» ЖШС - 25%, «SPH» ЖШС - 25% (КСС тарапынан сатып алуды рәсімдеу сатысында 50%) және ҚХР тарапынан - CARSP (CNPC еншілес кәсіпорны) - 50%.


«Asia Steel Pipe Company» ЖШС әкімшілік-өндірістік ғимараты
 
Аталған зауыт 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген және спираль-жіпті құбырларды шығаратын заманауи жабдықтары бар. Сондай-ақ, зауытта бұзушы және бұзбайтын бақылаудың мынадай түрлері орындалады: гидравликалық сынау, рентгеноскопия, ультрадыбыстық бақылау, магнит ұнтақтық бақылау, көзбен шолып өлшеу бақылауы, беріктік шегі, сыну, созылу, қаттылық және иілу сынақтары, соққы сынағы, металдың химиялық талдауы, макрографиялық талдау.

 
Құбыр өнімі металының үлгілерімен танысу





 
Құбыр зауытының өндірістік цехтары
 
Сапар қорытындысы бойынша «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС Бас директоры А.Тұрсынғалиевпен жұмыс кездесуі өтті. Онда зауыттың даму перспективалары, сондай-ақ ҚХР-дан зауытқа металл прокатын және оның дайындалған құбыр өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеткізудің көліктік логистикасы талқыланды.


«Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ және «АстанаГаз ҚМГ«АҚ өкілдері арасындағы жұмыс кездесуі
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер