KZTO 841,00 (+0,37%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,00 (+0,37%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Қауіпті өндірістік нысанда оқу дабылын өткізді

 07.10.2022    404
Оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес жақында Жезқазған басқармасында «Құмкөл-Қарақойын» ММҚ-да мұнайдың шығуы 193,5 км» тақырыбында оқу-жаттығуы өткізілді.


Оқу-жаттығулары Жезқазған басқармасының қызметкерлері, «Зевс Энерго» ЖШС, «Медикер-ПМ» ЖШС, «KMG Security» ЖШС мердігерлік ұйымдарының өкілдері, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік орган өкілінің тікелей қатысуымен өтті.


-Оқу дабылының мақсаты Жезқазған мұнай құбыры басқармасы объектілеріндегі ықтимал апаттар мен төтенше оқиғаларды жоюға ден қоюдың жеделдігі, қызмет көрсетулер, сондай-ақ апаттық-құтқару бөлімшелері арасындағы қызметкерлердің ішкі өзара іс-қимылы болып табылады. Оқу дабылына 35 адам мен 10 арнайы техника қатысты, - деп атап өтті Жезқазған мұнай құбыры басқармасының өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженері Александр Азаров.


Құтқарушылар мен кәсіпорын қызметкерлерінің барлық әрекеттері апаттарды жою жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер