KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының стратегиялық учаскесінде химиялық зертхана құрылысын аяқтады

 31.12.2025    30

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясына қарасты «Жаңажол» мұнай қабылдау-тапсыру пунктінде (МҚТП) жаңа химиялық зертхананың құрылысы толық аяқталды.

Зертхана Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жаңажол кентіндегі «Жаңажол – Кенқияқ» магистральдық мұнай құбырының бастапқы шақырымында орналасқан.

Пайдалы ауданы шамамен 255 шаршы метрді құрайтын зертхана ғимараты вахталық жұмыс әдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған. Бұл қызметкерлердің қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етеді. Зертхана мұнайдың толық спектрлі талдауларын жүргізуге қажетті заманауи жабдықтармен, өлшеу аспаптарымен және реактивтермен толық қамтамасыз етілген.

Тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау мақсатында зертхана жанынан пайдалы ауданы 18 шаршы метр болатын қойма ғимараты салынды.

Аталған учаскеде орналасқан заманауи химиялық зертхана стратегиялық маңызға ие. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне түсетін мұнайдың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, Жаңажол және Әлібекмола мұнай қабылдау-тапсыру пункттерінен жылына шамамен 3 млн тонна көлемінде немесе Ақтөбе өңірі кен орындарынан жеткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің 70 %-ына дейінгі бөлігін қамтиды. Одан әрі бұл мұнай Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ экспорттық бағыттарға тасымалданады.

Мұнай сапасының көрсеткіштерін нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықтау — мұнайды қабылдау-тапсыру кезінде жүргізілетін есептік операциялардың ажырамас бөлігі. Бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен тасымалдау кестелері шеңберінде мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерді орындауға бағытталған. «Жаңажол» МҚТП зертханасында бес маман вахталық әдіспен жұмыс істейді. Мұнайдың зертханалық сынақтары тәулік бойы жүргізіледі, бұл мұнайды тасымалдау кезінде үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.


Серiктестер