KZTO 840,00 (+0,72%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,00 (+0,72%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Жанармай құю станциясында оқу-жаттығулар өткізді

 07.10.2022    363
Павлодар мұнай құбыры басқармасы технологиялық көлік және арнайы техника цехының автожанармай құю станциясында  ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, «Зевс Энерго» ЖШС апаттық-құтқару және өртке қарсы қызметтері, «Медикер-ПМ» ЖШС медициналық қызметі өкілдерінің қатысуымен оқу дабылы өткізілді. Оқу дабылы жанар-жағармай құю станциясындағы мұнай өнімдері төгілуі салдарынан шыққан өртті сөндіру тақырыбы бойынша жүргізілді.


Оқу дабылы қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын пысықтау және апаттық-құтқару және өртке қарсы қызметтермен, медициналық қызметпен бірлесіп  өрт сөндіру кезінде жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру тәжірибесін алмасу мақсатында өткізілді.


- Сценарий бойынша өрт №1 жанармай құю колонкасының герметикаланбауы себебінен төгілген дизель отынының тұтануы нәтижесінде орын алған. Өрт орнына кіріспе алғаннан кейін ерікті өртке қарсы құралымның мүшелері келіп, өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіре бастады. Содан кейін өрт сөндіру орнына жедел медициналық жәрдем көлігі, «Зевс Энерго» ЖШС апаттық-құтқару және өртке қарсы қызметі келді. Оқу дабылы аяқталғаннан кейін басқарма басшылығы оқу дабылының қорытындысын шығарды, - дейді ӨҚ ЕҚжҚҚБ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер Қанатбек Садуақасов.


Ерікті өртке қарсы құрылым мүшелері, «Зевс Энерго» ЖШС апаттық-құтқару және өртке қарсы қызметтерінің, «Медикер-ПМ» ЖШС медициналық қызметінің мүшелері қойылған міндеттерді орындап шықты. Жалпы оқу дабылына 21 адам қатысты.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер