KZTO 838,92 (+0,69%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 838,92 (+0,69%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«КТО-Quiz» ойынының іріктеу кезеңі өтті

 30.11.2022    454
Жезқазған мұнай құбыры басқармасында бастапқы кәсіподақ ұйымының қолдауымен «КТО-Quiz» - «Zhez-Quiz» ойынының іріктеу кезеңі өтті.
Зияткерлік ойынға әрбірі жеті адамнан құралған екі команда қатысты.


Білгірлерден құралған командалар тек қана білім мен білгірлікті емес, сонымен қатар зияткерлік пен талқылай білуді қажет ететін сұрақтарға ой жарыстырды. Ойын нәтижесі бойынша жеңімпаздар командасы мен үздік ойыншы анықталды. Сонымен қатар бесінші желтоқсан күні өтетін «КТО-Quiz» ойынына қатысатын басқарманың білгірлер құрама командасы жасақталды.

Барлық қатысушыларға сыйлықтар, үздік команда мен үздік ойыншыға сыйлық мүсіндер тарту етілді.


- Ойын тартысты да есте қаларлықтай деңгейде өтті, жанымыз бір рахаттанып қалды. Әрине бір уақыт жұмыстан бой жазып, өз білгірлігіңді сынау да жанға жағымды әсер етеді, - дейді үздік ойыншы, «Борсеңгір» МАС-тың инженер-энергетигі Камал Курбанов.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер