KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ пікірсайыс клубында гендерлік теңдік тақырыбы талқыланды

 30.03.2023    532

«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында жас мамандар кеңесі пікірсайыс клубының кезекті кездесуін өткізді. «Қазақстандағы әйел-президент» тақырыбындағы пікірталас Британиялық Парламенттік форматта өтті.

Пікірсайысшы-корпоративтік мәселелерді құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жетекші заң кеңесшісі Әділ Абаев осы тақырып бойынша презентация дайындап, зияткерлік ойында төреші болып сөз сөйледі.

Пікірсайыс клубының жетекшісі Меруерт Шүкуева атап өткендей, пікірсайыс көпшілік алдында сөйлеудің баға жетпес тәжірибесін береді.

- Пікірталас көкжиегін кеңейтеді және мәселені сырттан көріп, қажетті шешімді табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар логикалық ойлау, командада жұмыс істеу және тапсырманы орындау қабілетін дамытады. Маңызды фактор – көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі. Осылайша, біз болашақта компанияға жаңа стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге көмектесетін «ҚазТрансОйл» АҚ спикерлерінің пулын қалыптастырамыз, - деп қорытындылады Меруерт Шөкуева.

Айта кетейік, пікірталасты жас мамандар кеңесі тұрақты негізде өткізеді.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер