KZTO 810,96 (+0,37)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,96 (+0,37)

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚОСЫЛДЫ

 03.05.2023    186
«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қосылды. 29 сәуірде Астанада үлкен жалпықалалық сенбілік өтті. Оған елорданың 62 мыңнан астам тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері және бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты.  «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында елордада жалпықалалық сенбілік өтті. Астаналықтар ағаш отырғызып, қоқыстарды тазалап, су айдындарын тазартты. Сенбілікке «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері де қосылды.

- 230 адамнан  аса әріптес осы шараға шықтық. Өте жақсы, сауатты ұйымдастырылған іс-шара болып шықты, қызметкерлерге барлық қажетті құралдар берілді. Мұнайқұбыршылар  біртұтастық пен ұжымдық көңіл-күй көрсетті. Баршаңызға қатысқаныңыз үшін рахмет айтамын, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары Алмас Ыдырысов.

Санаттар:
Реакция:
Серiктестер