«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасына қарасты «Шолаққорған» БМАС қосалқы және тұрмыстық үй-жайлардың ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін БМАС қызметкерлері жылыту едендері мен душ бөлмелері қарастырылған жаттығу залын, киім ауыстыратын бөлмелерді пайдалануға мүмкіндік алады. Ғимаратта желдетудің тарату-сору жүйесі, жұмысшы персоналды оқытуға арналған кең орын қарастырылған, кіре берісте жылдың суық мезгілінде жылуды сақтау үшін жылу перделері орналастырылған.
Бұл жобаның жүзеге асырылуы – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілік мәселесі бойынша басымдықтарының айқын дәлелі. Компания еңбек жағдайын жақсарту бағытында жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жүргізіп, өз қызметкерлері үшін жайлы әрі қауіпсіз өндірістік орта құруды қамтамасыз етуде.