KZTO 839,00 (+0,70%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,00 (+0,70%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Кітап алмасу бұрышы» ашылды

 03.05.2023    252

      Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасында бастапқы кәсіподақ ұйымының қолдауы және «Жас мамандар кеңесінің» бастамасымен кітап оқуды кеңінен дәріптеу мақсатында «Кітап алмасу бұрышы» ашылды. Аталмыш бұрыш «Шетел әдебиеті», «Классикалық әдебиет», «Өзін-өзі дамыту», «Психология», «Хобби, бос уақыт» және «Роман» деген  бөлімдерден тұрады. Жалпы жинақталған кітаптар терең мағыналығымен ерекшеленеді.

        -«Кітап алмасу бұрышы» ШОҚБ қызметкерлерінің арасында өзара кітап алмаса отырып рухани тұрғыда жан-жақты дамуларына үлкен септігін тигізеді және ұмытылмастай әсер қалдырады. Осыған байланысты алдағы уақытта кітап қорын толықтыратын боламыз, – дейді «Жас мамандар кеңесінің» төрағасы, БЭҚ электр энергиясын есептеу жөніндегі инженері Ернар Хасенов.    

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер