KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Еңбек қорғау күнінде марапатталды

 10.05.2023    348

Кез келген өндірістік салада қауіпсіздікті сақтаудың ережелері бар. Осының нәтижесінде, жұмыс орнында тәртіп жоғарылайды, еңбек өнімділігі жақсарады. Осы ретте еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге артылатын жауапкершілік көп. Олар әрбір адамның жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуін, өмірі мен денсаулығын қорғауына көңіл бөледі. 

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай, «Шолаққорған» БМАС еңбекті қорғау жөніндегі инженері Еркінбек Жайымбаевқа көп жылғы адал еңбегі мен салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өндірістік нысанда еңбекті қорғау мәдениетін жақсартқаны үшін арнайы алғыс жарияланып, марапатталды.  

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер