KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

МНУ-да «қорғау картасы«жеңімпаздары анықталды

 15.05.2023    196

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында «Қорғау картасы» регламенті аясында наурыз және сәуір айларының нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Екі жұмыскер – «Жетібай» МАС электромонтері Ерлан Елеуов пен «Қаламқас» БМАС технологиялық жадықтарды жөндеу слесары Манап Қанаш «Үздік қорғау» картасы сертификатын және 70 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Оларды басқарма бастығы Асқар Жолдасов құттықтап, белсенділіктері үшін алғысын білдірді. 

Әріптестерді құттықтап, осы жобаға белсенді қатысуға шақырамыз. Байқампаз болу, қауіпті факторларды аңғару, бей жай қарамау – мұның барлығы да маңызды. Өйткені бұл – қауіпсіз жұмыстың кепілі. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер