KZTO 878,96 (+1,28)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 878,96 (+1,28)

«ҚазТрансОйл» АҚ КҚК-дан экспорттық жеткізілімдердің бір бөлігін қайта бағдарлау мүмкіндігін уақтылы қамтамасыз етті

 10.12.2025    179

Халықаралық әріптестермен және жүк жөнелтушілермен уақтылы ұйымдастырылған конструктивті келіссөздердің арқасында Каспий Құбыр Консорциумының мұнай құбырлары жүйесінен Самара және БТД бағыттарына халықаралық мұнай ағындарын қайта бағыттау мүмкіндіктері, сондай-ақ жеткізілім көлемінің бір бөлігін Қытай бағытына бұру мәселелері келісілді.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен тасымалдаудың бастапқы кестесімен салыстырғанда 2025 жылғы желтоқсанда экспорттық бағыттар бойынша мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюы:

  • Атырау-Самара – 232 мың тоннаға;
  • Қытай – 72 мың тоннаға;
  • Ақтау порты (Баку – Тбилиси – Джейхан бағытында) – 58 мың тоннаға жетті.

Қосымша 2025 жылдың желтоқсан айының ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай өндіруші компанияларға резервуарлық паркте мұнайды жауапты сақтауға уақытша орналастыру бойынша мүмкіндіктер береді. Бұл жөнелту кестелерінің икемділігін, айдау режимдерін оңтайландыруды және магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серiктестер