KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Шымкентте «Үздік маман» байқауының алғашқы аптасы өткізілді

 15.05.2023    451

Шымкент мұнай құбыры басқармасында «Үздік маман» сайысының І туры басталды. Мұнайқұбыршылар байқауда 8 мамандық бойынша өзара сайысқа түседі. Атап айтқанда:

- тауар операторы;

- желілік құбыржүргізушісі;

- электр газбендәнекерлеуші;

- химиялық талдау зертханашысы;

- технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарі (технологиялық қондырғы);

- бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі;

- электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша монтері;

- мұнай айдау станциясының операторы.

«Үздік маман» атануға басқармаға қарасты бөлімшелерден 26 үміткер қатысып, бағын сынауда.  

Байқаудың алғашқы аптасында технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарлері (технологиялық қондырғы), бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарлері мен электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша монтерлері сайысқа түсті. 

Байқауға қатысып жатқан бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі Айшуақ Сапарбай мұндай байқаулардың жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыра түсетініне сенімді.

«Аталған байқауға қатысу себебім, мұның алдын 2019 жылы да қатысып, ол кезде 2 орын алған болатынмын. Биыл да біліктілігімді ұштау үшін байқауға қатысып, бағымды сынағым келеді. Өзге әріптестеріме сәттілік тілеймін, осындай байқаулар бола берсін», - деді А.Сапарбай. 

Қатысушылар өз мамандықтары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан және теориялық білімін тексеруден өткізді.  Қатысушыларды арнайы құрылған қазылар сарапқа салады. 

ШМҚБ-дағы байқау мұнымен әлі біткен жоқ, алдағы апталарда «Шымкент» БМАС пен «Шымкент» ҚТП-да тауар операторлары, желілік құбыржүргізушілері мен электр газбендәнекерлеуші, химиялық талдау зертханашысы,  мұнай айдау станциясының операторлары бақ сынайтын болады. 

Байқаудың толық қорытындысын алдағы уақытта компанияның басқа да шығарылымдарынан білетін боласыздар.   

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер