1 Маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Құлсары мұнай құбыры басқармасының ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен Жылыой ауданы мүгедектер қоғамының филиалы ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізілген дойбы, тоғызқұмалақ жарысына демеушілік жасады. Атап айтақанда, сайыста жүлдегер атанған 20 ерекше балаға «Еркемай» балалар тауары дүкендеріне сертификаттар табыстады.
Құлсары мұнайқұбыршылары балаларға қамқорлығын алда да жалғастыра бермек.