Жергілікті кәсіподақ ұйымының қолдауымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік жүргізушілерді марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобының 2025–2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Марапаттау барысында жыл бойы жоғары тәртіп пен жауапкершілік танытып, жол қозғалысы ережелері мен көлік, өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ еңбек қорғау нормаларын мүлтіксіз сақтаған қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланды.
Іріктеу барысында жол-көлік оқиғаларының болмауы, қауіпсіз жүргізу мәдениеті, жолдағы мұқияттылық пен қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау негізгі критерийлер ретінде ескерілді. Үздік жүргізушілерге кәсібилігі және кәсіпорынның қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары мен сертификаттар табысталды.
Қарағанды мұнай құбыры басқармасында көлік қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Басшылық мұндай бастамалардың өндірістік тәуекелдерді төмендетуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға әрі персоналдың жауапкершілігін арттыруға маңызды үлес қосатынын атап өтті.