KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Депутаттар Атырау МҚБ қоршаған ортаны қорғау шараларымен танысты

 05.06.2023    436

 Атырау қалалық Маслихатының бір топ депутаты Атырау мұнай құбыры басқармасында болып, табиғатты қорғау шараларымен танысты. 


      Маслихат депутаттарына алдымен басқарманың қоршаған ортаны қорғау шаралары мен оның нақты орындалуы, қаланың экологиялық ахуалын оңалтуға ұжымның қосып жүрген үлесі туралы қысқаша презентация көрсетілді. Одан соң депутаттар Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясына барып, резервуар паркі мен мұнай қабылдау-жөнелту эстакадаларындағы экологиялық талаптардың сақталу процесімен танысты. Депутаттарға қоршаған ортаға зиянды қалдықтар жібермейтін компаниядағы жалғыз қалқымалы қақпағы бар резервуар жұмысы таныстырылып, одан басқа пантонды резервуарлардың табиғатқа шығындыларды зиянды барынша төмендету ерекшелігі айтылды. Осылайша компаниядағы өндірістік экологиялық бақылаудың нақты орындалатыны айқын көрсеті.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер