Ақтауда «ҚазМұнайГаз«ҰК АҚ-ның еншілес ұйымдары арасында спартакиада аяқталды. Дәстүрлі жыл сайын өткізілетін сайыс бұл жолы «Маңғыстаумұнайгаз«АҚ-ның 60 жылдығына арналды. Жарысқа ҚМГ-ның 20-дан астам еншілес компанияларынан 400-ден астам мұнайшы спортшылар қатысты. Олар спорттың 11 түрінен: арқан тарту, армрестлинг, асық ату, баскетбол, волейбол, киберспорт, шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғыз құмалақ және шахматтан жүлделі орындарға таласты.
- Спартакиада қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын! Спорттық рухы бар барлық қатысушылар жеңді деп ойлаймын, бұл өміршеңдік пен көшбасшылықтың үлгісі. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Сіздерді мақтан тұтады! ҚМГ Басқарма төрағасының, еңбек ұжымының атынан және өз атымнан барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін, - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы Ерхан Омаров жарыстың жабылу салтанатында.
Барлық спорттық жарыстар барысында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директор Ғазиз Қошанов мотивациялық қолдау көрсетті.
«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері сайыста тамаша нәтижелер көрсетті. Қазақтың ұлттық асық ату ойынында «ҚазТрансОйл» АҚ командасы бәскелестерін жеңіп, сөзсіз жеңімпаз атанды.
Әйелдер арасындағы 65 келіге дейінгі салмақтағы армрестлингте біздің әріптесіміз Шорена Девадзе жеңіске жетті.
Ерлер арасындағы шахмат сайысында біздің әріптесіміз Валерий Аллаяров қарсыластарына дес берген жоқ.
Волейболдан да «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ерлер командасы үздік шықты.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Спартакиада-2023» қорытынды нәтижелері
№ |
Аты-жөні |
Командалар |
---|---|---|
Асық ату |
||
1 | «ҚазТрансОйл» АҚ | |
2 | «Ембімұнайгаз» АҚ | |
3 | «Қаражанбасмұнай» АҚ | |
Үстел теннисі - ерлер |
||
1 | Джаксиликов Бактыбек | «Өзенмұнайгаз» АҚ |
2 | Жумалиев Дастан | «ПМХЗ» ЖШС |
3 | Ускумбаев Болат | «Маңғыстуэнергомұнай» ЖШС |
Үстел теннисі - әйелдер |
||
1 | Ким Марина | «Қазгермұнай» БК |
2 | Айтжанова Лаура | «Өзенмұнайгаз» АҚ |
3 | Утепбергенова Мадина | «KPI Inc» ЖШС |
Армрестлинг - ерлер 80 кг дейін |
||
1 | Келдібайұлы Ерхан | «Қазгермұнай» БК |
2 | Енсеп Даурен | «ӨзенМұнайСервис» ЖШС |
3 | Несіпбаев Алиби | «ҚазТрансОйл» АҚ |
Армрестлинг- ерлер 80 кг жоғары |
||
1 | Есенғали Рахман | «Өзенмұнайгаз» АҚ |
2 | Нурбаев Сисенбек | «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ |
3 | Жарбулов Нуржан | «ҚазТрансОйл» АҚ |
Армрестлинг- әйелдер 65 кг дейін |
||
1 | Девадзе Шорена | «ҚазТрансОйл» АҚ |
2 | Мырзагулова Маншук | «Казақойл Ақтөбе» АҚ |
3 | Умирзакова Карашаш | «Ембімұнайгаз» АҚ |
Армрестлинг-әйелдер 65 кг жоғары |
||
1 | Деревягина Ольга | «ПМХЗ» ЖШС |
2 | Шурипова Айгуль | «Казақойл Ақтөбе» ЖШС |
3 | Габдуллина Гульзада | «Ембімұнайгаз» АҚ |
Киберспорт |
||
1 | «ПМХЗ» ЖШС | |
2 | «Өзенмұнайгаз» АҚ | |
3 | «Ембімұнайгаз» АҚ | |
Шахмат - ерлер |
||
1 | Аллаяров Валерий | «ҚазТрансОйл» АҚ |
2 | Шаймардан Тұрар | «АМӨЗ» ЖШС |
3 | Таусаров Аскар | «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ |
Шахмат - әйелдер |
||
1 | Тулеуова Гулнур | «АМӨЗ» ЖШС |
2 | Кулекеева Маржан | «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС |
3 | Қалдыбаева Жанар | «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ |
Тоғызқұмалақ - ерлер |
||
1 | Байшүкір Мерғалым | «ПМХЗ» ЖШС |
2 | Ғадырасылұлы Бернур | «Қаражанбасмұнай» АҚ |
3 | Туремуратов Қанат | «Казақтүрікмұнай» ЖШС |
Тоғызқұмалақ - әйелдер |
||
1 | Әбдірахманова Бейбіткул | «Қазгермұнай» БК |
2 | Умирзакова Сабина | «ҚазТрансОйл» АҚ |
3 | Тулемисова Айжан | «Казақойл Ақтөбе» ЖШС |
Суда жүзу- ерлер 800 м |
||
1 | ӘКоваленко Владимир | «Казақойл Ақтөбе» ЖШС |
2 | Вознесенский Павел | «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ |
3 | Чалабаев Гани | «Қаражанбасмұнай» АҚ |
Суда жүзу - әйелдер 400 м |
||
1 | Ильчинко Зинаида | «ҚазТрансОйл» АҚ |
2 | Берсенёва Наталья | «ПМХЗ» ЖШС |
3 | Даутова Жанна | «АМӨЗ» ЖШС |
Баскетбол |
||
1 | «ПМХЗ» ЖШС | |
2 | «АМӨЗ» ЖШС | |
3 | «Өзенмұнайгаз» АҚ | |
Волейбол - ерлер |
||
1 | «ҚазТрансОйл» АҚ | |
2 | «ПМХЗ» ЖШС | |
3 | «АМӨЗ» ЖШС | |
Волейбол - әйелдер |
||
1 | «АМӨЗ» ЖШС | |
2 | «Өзенмұнайгаз» АҚ | |
3 | «ҚазТрансОйл» АҚ | |
Шағын футбол |
||
1 | «Қазгермунай» БК | |
2 | «Өзенмұнайгаз» АҚ | |
3 | «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ |