KZTO 819,00 (+0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (+0,24%)

Маңғыстауда « INTERTEACH» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті

 05.09.2023    548

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының аппарат басқармасында «ЖДА INTERTEACH» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті. Жұмыскерлерге арнайы презентация көрсетіліп, сақтандырылған компаниялар үшін ерікті медициналық сақтандыру бойынша толық ақпарат берілді. Ақтау қаласындағы өкілдік директоры Ербол Медетов компания жұмысының бағыттарымен, медициналық сақтандыру бағдарламасымен таныстырды. Шұғыл, емдік және жоспарлы профилактикалық көрсеткіштер бойынша амбулаториялық-емханалық көмек қалай көрсетіледі? Амбулаториялық-емханалық медициналық көмек бойынша жүгіну схемасы қандай? Жедел медициналық көмекке қалай жүгінуге болады? Сақтандыру бағдарламасына стоматологиялық қызметтің қандай түрлері кіреді? «INTERTEACH» мамандары осы мәселелерге тоқталып, басқарма қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.  Сонымен бірге осы бағыттағы кездесулер «Қаламқас», «Өзен», «Ақтау»,  «Жетібай», «Қаражанбас» мұнай айдау станцияларында, басқа да бөлімшелерде өтті. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер