Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында «Қорғау картасы» регламенті аясында шілде және тамыз айларының нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Екі жұмыскер – апаттық-қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы Бақытжан Қазақбаев және «Жетібай» МАС 40 тоннаға дейін жүк көтере алатын арнайы көлік жүргізушісі Станислав Шишкин «Үздік қорғау» картасы сертификатын және 70 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Оларды басқарма бастығы Асқар Жолдасов құттықтап, жобаға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, жемісті еңбек тіледі. Әріптестерді құттықтаймыз! Байқампаз болу, қауіпті факторларды аңғара білу – мұның барлығы да маңызды. Жұмыстағы қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!