Астрахань қаласында (Ресей Федерациясы) «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және еңбекті қорғау жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға бағытталған XI жыл сайынғы «Қауіпсіздік күні» – «Сарматов алтыны» іс-шарасын өткізді.
«Қауіпсіздік күні» конкурстық бағдарламасы КҚК ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ стратегиялық жоспарының негізгі мақсаттарына арналды. «Қауіпсіздік күні» конкурстық бағдарламасына әртүрлі салаларда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді білуге және практикалық қолдануға арналған бірқатар жарыстар өткізуді қамтитын КҚК бөлімшелері мен серіктестік және мердігерлік ұйымдарының атынан 24 команда қатысты.
«ҚазТрансОйл» АҚ командасының құрамына Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы мен Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері кірді.
Конкурстар экология, медицина, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт ісі, ықтимал қауіпті жағдайлардың туындау тәуекелдерін талдау және оларға жедел ден қою, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану сияқты бағыттар бойынша ұйымдастырылды.
«Қауіпсіздік күні» конкурстық жарыстарының нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ командасы әртүрлі номинациялар бойынша үш жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, кезекті рет еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Бұл дегенің компанияның халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайды.
Іс-шараның ресми қорытындысында «ҚазТрансОйл» АҚ командасының 14 адамнан тұратын барлық қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.