Атырау мұнай құбыры басқармасында қызметкерлер арасында шахматтан және қазақтың ұлттық ойыны-тоғызқұмалақтан сайыс өтіп жатыр.
Ой-өрісті дамытатын шахмат ойыны мен қазақтың ежелгі ұлттық тоғызқұмалақ ойыны атыраулық мұнайқұбыршылар арасында кеңінен танымал бола бастады. Осы ойын түрлерінен өткізілген іріктеу турына қызметкерлердің біразы қатысып, бақтарын сынады. Сайысты ұйымдастырған басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымы шахмат пен ұлттық ойынды ұжым арасында кеңінен насихаттауды мақсат етті. Себебі, осындай ой-өрісті кеңейтетін шахмат пен ежелгі ұлттың құндылығы бар тоғызқұмалақ арқасында қызметкерлер арасында интеллектуалды ойынды барынша кеңінен тарату. Жарыс нәтижесінде ұжым арасындағы жеңімпаздар компания бойынша өтетін шахмат пен тоғызқұмалақ сайысына жолдама алатын болады.