KZTO 819,00 (+0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (+0,24%)

«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясына қатысты

 24.10.2023    571

Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясына атсалысты. Мұнайқұбыршылар Атырау қаласының шет жағындағы аумақты тазалауға шықты. Олар қараусыз қалған аймақты қоқыстан тазартып, бірнеше тонна қоқыс қалдықтарын шығарды.

Мұнайқұбыршылар Атыраудағы тазалық сенбіліктеріне белсене араласып келеді. Сондай-ақ, осы акция аясында жазда Жайық өзенінің шығыс бөлігіндегі жағалаудан 4 шақырым учаскені қоқыстан тазартқан еді. Міне, күзде республикалық экологиялық акциясына тағы бір мәрте шығып, тазалық жұмыстарына белсенді атсалсысты. Акцияға қатысушы мұнайқұбыршыларға 5 га жер белгіленіп берілді. Аймақ қаланың шет жағы болғандықтан, көптен қараусыз қалған. Ол жерден қатысушылар шыны, пластик бөтелкелер, ағаш қалдықтары, құрылыстан қалған қоқыстарды жинады. Қоқыстар арнайы қаптарға  салынып, жүк көліктеріне тиеліп отырды. 





Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер