Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 4-курс студенттері Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасындағы электромонтерлар дайындалатын арнайы сыныпта дәрістер алуда. Дәрісті басқарманың энергетик мамандары жүргізеді. Студенттерге мамандығына сай теориялық және парктикалық негізде толыққанды сабақтар өткізіледі. Арнайы жасақталған сыныпта электрлі қосылатын ысырма- ЭП-4 практикалық жұмыс құрылғысында студенттер оның істеп тұрғнанын немесе істен шыққанын айқындайды, электр ысырмасын жөндеуге машықтанады. Сонымен қатар вакуумдық ажыратқыш- ВВТ қондырғысында құрылғымен практикалық түрде жұмыс жүргізеді. Практикалық сабақта мұнай тасымалы өндірісінде қолданылатын шынайы қондырғылар пайдаланылады. Дәрістер «ҚазТрансОйл» АҚ мен аталған университет арасындағы арнайы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Мақсат- болашақта студенттерден компанияға кадрлық резерв дайындау.