KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE-де Эмитент күнін өткізді

 29.11.2023    621

«ҚазТрансОйл АҚ басшылығы инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Эмитент күні аясында Қазақстан қор биржасы (KASE) платформасында өткен кездесу 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне арналды.

Кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов және даму жөніндегі басқарушы директоры Абай Иманғалиев қатысушылардың назарына «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, күрделі салымдары, тарифтік саясаты және инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша негізгі деректерді ұсынды.

Шараға қатысушылар «ҚазТрансОйл» АҚ-ның көрсетілетін қызметтерінің тарифтері, күрделі салымдар, жалпы және әкімшілік шығыстары бойынша сұрақтарға толық жауаптар алды. Журналистер назарына «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту – 1 кезең» инвестициялық жобасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары таныстырылды. БАҚ өкілдері тарапынан «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыруға да ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің түрлі аспектілері бойынша, оның ішінде «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту - 1 кезегі» инвестициялық жобасының іске асырылу барысы, мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру туралы сұрақтарға толық жауаптар алды.

Реакция:
Серiктестер