«ҚазТрансОйл» АҚ КПО (Karachaganak Petroleum Operating B.V.) 40 мердігер ұйымның ішінде үздік деп танылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 2023 жылдың 4-тоқсанындағы қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен семинарда белгілі болды.
Кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті талдау және саралау келесі критерийлер бойынша бағаланды: мердігерлердің қауіпсіздік және еңбек талаптарын мүлтіксіз орныдалуы, қызметкерлерге жұмыс орнында қауіпсіз жағдай жасау, «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы» бағдарламасына қатысу.
Атап өткен жөн, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы КПО-ның (Karachaganak Petroleum Operating B.V.) КПО «Үлкен Шаған» мұнай айдау станциясына, КПО «Терминал Атырау» мұнай айдау станциясына және ұзындығы 635,5 шақырымдық «Қарашығанақ-Атырау» экспорттық мұнай құбырына техникалық қызмет көрсетеді.