KZTO 833,20 (-0,13)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,13)

KASE алаңында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Эмитент күні өтті

 28.11.2025    70

Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) платформасында «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшелері: бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов пен корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор Алмас Оңғарсыновтың қатысуымен Эмитент күні өтті. Іс-шара онлайн-форматта өтті және 2025 жылдың 9 айындағы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің қорытындыларына арналды.

Кездесу барысында спикерлер инвесторларға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, БАҚ өкілдеріне және басқа да мүдделі тараптарға есепті кезеңдегі компанияның негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін таныстырды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты тұрақты түрде ұсынып, инвесторлармен және акционерлермен ашықтық пен жоғары деңгейдегі өзара әрекеттесуді дәстүрлі түрде қамтамасыз етеді.

Серiктестер