Павлодар мұнай құбыры басқармасында «Су асты өтпе жолында құбыр бұзылуымен мұнай төгілуі» тақырыбы бойынша апаттарға қарсы оқу-жаттығулар өтті. Жаттығулар Ертіс өзенінің бірінші жағалауында судың апаттық ластануын жоюға арналды.
Оқу-жаттығуларға су асты-техникалық жұмыстар учаскесі, тіректі апатты-қалпына келтіру пункті, «Прииртышск» АҚП, «Екібастұз» МАС, технологиялық көлік және арнайы техника цехы, электр-химиялық қорғаныс және әуе жолдарына қызмет көрсету мен жөндеу учаскесінің жеке құрамы қатысты. Барлығы 39 адам, 9 техника, сол секілді «Зевс Энерго» ЖШС, «Медикер-ПМ» ЖШС бригадасы және «NG Telecom» ЖШС авариялық-құтқару бөлімшелері жұмылдырылды.
Апатқа қарсы оқу-жаттығулар өткізу барысында басқарманың апатты-қалпына келтіру қызметтері жеке құрамының қыс маусымында су асты өтпе жолындағы апатты жою, мұз қатқан жағдайда су бетіндегі ластануды жою технологиясы және төгілген мұнайды жинау бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдылары шыңдалды. Сол секілді басқарманың апатты-қалпына келтіру қызметтері және мердігерлік авариялық-құтқару қызметтерінің арасындағы өзара әрекет пысықталды, - дейді ПМҚБ магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қызметінің бастығы Григорий Бондарь.