KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Магистральдық құбыр көлігінің құрметті қызметкері Николай Александровты еңбек демалысына шығарып салды

 24.05.2024    718
Жақында Қарағанды мұнай құбыры басқармасының ұжымы отандық мұнай тасымалы саласында 34 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен Николай Александровты  құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Басқарма бастығы Марат Сабугалиев әріптесімізге көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, ұжым атынан ізгі тілегін білдірді. Бастапқы кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлық сертификаты табыс етілді.

Николай Александров тек қана өз ісінің шебері емес, сол секілді Ауған соғысының ардагері. Мұнай тасымалы саласына қазіргі басқарма аудандық мұнай құбыры басқармасы болып құрылған уақытта келіп, көлік цехына механик болып жұмысқа орналасқан екен. – Алғаш аудандық басқармаға келіп жұмыс істеген күннен бастап зейнеткерлікке шыққан уақытқа дейін көптеген әріптестеріммен тығыз қарым-қатынаста болдық. Механик лауазымынан автобус жүргізушісі болып ауыстым. Жаңа жолдастар таптым, өзім де үйрендім, жастарды да үйреттім деп айта аламын. Біздің ұжым өте ұйымшыл, мен оны көп жылғы еңбек жолымда анық сезінген адаммын. Бастысы біздің компания менің және отбасымның ертеңге деген сенімін ұлғайтты, - дейді әріптесіміз.
 
Николай Александров көптеген марапаттармен қатар 2017 жылы компанияның құрылғанына 20 жыл толу мерейтойы қарсаңында  «Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері» медальімен марапатталған.
 
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер